Оңалту орталығы «Жемқорлыққа жол жоқ»
тақырыбындағы ата-аналармен жиналысы болып өтті
Тараз қаласы 11.10.2018ж.
Күн тәртібі: Жемқорлыққа қарсы іс-кимыл мәселері жөнінде
1. Оңалту орталығы директорының кіріспе сөзі.
2. Әдіскер Утегалиева Л.Т. « Жемқорлыққа жол жоқ» баяндама.
Баяндама « Жемқорлыққа жол жоқ»
Мақсаты:
«Жемқорлық» ұғымымен, жемқорлықтың түрлері, оның салдарымен таныстыру
Ата-аналардың түсінігін кеңейту, қазіргі қоғамдағы мәселелерге деген өзіндік дүниетаным қалыптастыру, елдегі жемқорлықты болдырмауда тұрақты ұстанымның қалыптасуына икемдеу.
Ата-аналарды саналылық пен әлеуметтік белсенділікке, өздерінің әрекеттеріне деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сіздің жемқорлық сөзді естіген кезіңіз болды ма?
«Жемқорлық» ұғымымен сізде қандай байланыстар туындайды?
(пара, ақшаға сатып алу, жалғандық, алаяқтық).
Жемқорлық (латынша corruptio – сатып алу) - өзінің жеке мүддесі үшін лауазымды тұлғалардың қызметін тікелей пайдалану үрдісі (шенеуніктер мен қоғамдық-саяси тұлғаларды сатып алу, пара беру және т.б.)
Өз сөзімізбен айтатын болсақ: өзінің жеке пайдасы үшін қызмет бабын асыра пайдалану. Жемқорлықтың тарихи түп-тамыры өз мақсатына жету үшін сыйлық жасаудан басталған. Қымбат сыйлық адамды басқалардан оның өтініші орындалуы үшін бөліп көрсетеді. Сондықтан қарапайым тұрмыстық қоғамда дін қызметкеріне ақы төлеу қалыпты жағдай болған. Мемлекеттік аппараттың күрделенуі мен орталық үкімет билігінің күшеюінен кәсіби шенеуніктер пайда болды, олар үкімет жоспары бойынша тек тұрақты жалақымен шектелді. Шенеуніктер өздерінің табысын жасырын түрде көбейту үшін қызметтерін пайдалануға тырысты. Қөп жағдайда жемқорлықпен пара алу, заңсыз ақшалай табыс, мемлекеттік бюрократияны байланыстырады. Жемқорлық әрекетінің қатысушылары тек мемлекеттік шенеуніктер ғана емес, мысалы фирманың менеджерлері де болуы мүмкін. Параны ақшалай емес, басқа түрде де беруге болады. Жемқорлық әрекетінің бастамашысы көп жағдайда мемлекеттік шенеуніктер емес, кәсіпкерлер болып табылады.
Қазақстанда жемқорлық ең көп кездесетін қызмет салаларына мыналар жатады:
Кеден қызметі
Медициналық ұйымдар
Көлік инспекциялары
Сот органдары
Салық органдары
Құқық қорғау органдары
Несие алу
Аңшылық пен балық аулау ережесін қадағалау
Әскери қызмет шақыруынан босату
Жоғары оқу орнына түсу және т.б.
Жемқорлықтың түрлері
Тұрмыстық жемқорлық қатардағы азаматтар мен шенеуніктер арасында туындайды. Оған азаматтардың түрлі сыйлығы, билікті адамға және оның отбасы мүшелеріне жасаған қызметтері жатады.
Іскерлік жемқорлық бизнес пен билік арасында туындайды. Мысалы, шаруашылық жанжалда тараптар мәселені өз пайдаларына шешу үшін сот қолдауын пайдалануға тырысуы мүмкін.
Жоғары биліктегі жемқорлыққа демократиялық жүйедегі саяси басшылық пен жоғары сот өкілдері жатады. Бұл саясатты өздерінің қызығушылықтарына сәйкес жүзеге асырып, сайлаушылардың құқықтарына шығын келтіретін билік басындағы адамдардың әділетсіз әрекеттері. (Қазіргі кезде Украинада болып жатқан жоғары билік орындарын сатып алуды айтуға болады)
Жоғары оқу орындарындағы жемқорлық . Жоғары оқу орындары қазіргі таңда миллиардтар айналатын алып базарға айналған. Диплом бұл базардағы қаржы құжатына айнала жаздады. Еңбек базарында жұмысшының бағасын анықтау үшін олар сатылады. Бұл жерде сатып алушының құқығы жоқ, ал сатушы заттың тапшылығын қалыптастырады. Жоғары оқу орындарындағы ақысыз орындар саны азайып, ал ақылы орындар көбеюде.
Қоғам үшін жемқорлық күрделі мәселелердің біріне айналды. Бұқаралық ақпарат құралдарынан жемқорлық, парақорлық туралы күнделікті естіп жатырмыз. Бұл жағымсыз құбылыс бүкіл қоғамды жаулап алды. Өкінішке орай, жемқорлық қалыпты жағдайға айналды, халық сыйлық беру мен айыппұл төлеуге бейімделіп қалды.
Құрметті ата-аналар, сіздердің ойларыңызша жемқорлықпен күресу керек пе?
Кейде шенеуніктер пара алады. Оны «парақорлық» деп атайды және сол үшін сотталады.
Қалай ойлайсыздар, біздің үкіметке жемқорлықпен күресуде қандай шаралар көмектеседі?
Құқық қорғау органдарының, медицина, білім беру салалары қызметкерлерінің жалақысын көбейту, пара алуды ешқашан ойламас үшін.
Шенеуніктерге пара алу тиімсіз, пара алуға ешқандай мүмкіндік болмайтындай етіп жасау.
Бір рет пара алған адамға ешқашан жұмыс істеуге тыйым салу
Жемқорларға елдегі заңды күшейту, жазалау қорқынышы оларда басым болуы үшін.
Адамдарда ішкі ар-ұят реттегішін тәрбиелеу
Көріп отырғандарыңыздай , жемқорлар мен парақорларға тойтарыс берсек , жемқорлықпен күресуге болады.
2. Сосын ата-аналармен «Жемқорлыққа деген менің қатынасым» саулнамасы өткізілді.