Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп “Арнайы білім беру мекемелеріндегі ерекше білім беруді қажет ететін баланы оқытудың тиімділігін арттыру” тақырыбындағы семинар-практикум өткізілді
Сабақтың мақсаты: Балаларға Отан, Рәміздер, Елтаңба, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін қалыптастыру. Білімділік: Балалардың Отан, Рәміздер, Елтаңба, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін қалыптастырып дамыту. Түзете дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, қабылдау,және ұсақ қол моторикасының икемділігін арттыру. Тәрбиелілік: Патриоттық сезімдерін оятып Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясын қабылдағанына 35 жыл, Дүниежүзілік балалар күні жариялағанына 70 жыл толды. Осыған орай Оңалту орталығында бір талай іс-шаралар өткізілді.
Мақсаты: Балалардың өз құқықтары туралы білімдерін қалыптастыру. Әр баланың бақытты балалық шақ алуға құқығы бар.
Олигофренопедагог: Суюмбаева Мадина Жамбылқызы
“Балапан” тобы
Сабақтың тақырыбы: “Алтын күз”
Мақсаты: Балалардың күз туралы түсінігін кеңейту.
Білімділік мақсаты: Күз мезгілінің ерекшелігін, қоршаған ортадағы табиғат өзгерістері, күзгі адамдардың іс-әрекетімен және күз мезгілінде пісетін жемістер мен көкөністермен таныстыру.
Түзете-дамытушылық мақсаты: Танымдық қабілеттіліктерін жетілдіру, ойлауы мен зейінін, ұсақ қол моторикасын дамыту. Қарапайым математикалық түсініктерін толықтыру.
Тәрбиелік мақсаты: Балаларды табиғатты қорғауға, оның сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу.
Тәрбиешілер: Оразымбетова Назира. Несіпбаева Анар. Тақырыбы: «Алтын күз» Максаты: Балаларда, жағымды эмоционалды көңіл-күй қалыптастыру. Міндеті: -Табиғатты сүюге тәрбиелеу, қоршаған ортаға құрметпен карауға тәрбиелеу; -күзді эстетикалык кабылдауға ықпал ету; -балалардың сөйлеуін дамыту, сөйлеудің дыбыстык мәдениетін дамыту; -топта және әртүрлі іс- шараларда мінез-құлық ережелері мен ұжымдык өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту; -Балалардың орындаушылық дағдыларын жетілдіру, бір- біріне және қоршаған табиғатқа деген жақсы сезімдерін тәрбиелеу.
Тәрбиешілер: Жандыбаева Анар, Абдуалиева Рахима «Күзгі орманға саяхат» Мақсаты: Орманға саяхат арқылы, күз мезгіліне тән ерекшеліктермен таныстыру. Орман тұрғындары туралы түсініктерін пысықтау. Әнді әуенмен ілесіп айту қабілеттерін дамыту. Мерекелік ертеңгілікте әдеп сақтауға, ойын талаптарын сақтап ойнауға, айтылған ережені орындауға, жануарларға, табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу. Балаларды ептілікке, шапшандыққа, жылдамдыққа үйрету
Мақсаты : балалардың " Республика күні" ,"Отан " туралы түсініктерін қалыптастыра отырып ,сөз түсінуін дамыту . Міндеттері : 1. Білімділік : балалардың мемлекет туралы түсініктерін қалыптастыру. 2. Түзете - дамыту : танымдық процестерін ,логикалық ойлауын дамыту . Сөйлеу тіліндегі бұзылысты түзету. 3. Тәрбиелік: балаларды Отанды сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу .
Мақсаты: Балаларға “Республика күні” туралы түсінік беру. Білімділік: Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру. Дамытушылық: Зейінін, ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын молайту. Тәрбиелік: Қоғамдық өмірге қатыстыру, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Абдуалиева Рахима
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Шалкан ертегісі» (қуыршақ театры)
Мақсаты:
Білімділік: Шалкан ертегісінде қуыршақ театры аркылы балалардың ақыл ойын, қиялын дамыту.
Дамытушылық: Балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау кабілеттерін дамыту мен қатар тілін сөз қорын жетілдіру.
«Бақытты балалық шақ» спорттық мерекесі . Мақсаты: Балаларға халықаралық туралы негізгі білім мен түсінік беру мереке «Балаларды қорғау күні», балаларда қуанышты көңіл-күй туғызу
“Ерекше білімді қажет ететін балаларға психологиялық педагогикалық түзету көмегін көрсету”
XlX Республикалық балалар шығармашылық фестивалінде
Орынбек Дидар
Вокал номинациясында
"Анашым" әнін орындап
2- орын иемденді.
Пикуля Ангелина
Хореография номинациясы бойынша
3- орын иемденді.
Жер сілкінісінің алғашқы дүмпуі кезінде. Газды, су мен электр қуатын сөндіріңіз. Егер жер сілкінісінің күші аз болса, онда оны тұрған жеріңізде күткен абзал. Одан едәуір күштірек жер сілкінісі кезінде (дүмпу күші бес және одан да жоғары баллды құраса), егер сіз ғимараттың екінші және одан жоғарғы қабаттарында болсаңыз, ғимараттан шығыңыз. Ішкі қабырғаның, бұрыштың, есік жақтауының қауіпсіз жеріне тұрыңыз, ваннаға жата қалыңыз. Кереуеттің немесе стөлдің астына кіріңіз - олар сізді құлауы мүмкін заттардан және сынықтардан қорғайды. Терезе мен ауыр жиһаздан алыс тұрыңыз. Лифтіні пайдаланбаңыз. Егер сіз көшеде болсаңыз, ғимараттар мен электр беруші желіден ашық алаңға қарай алыстаңыз, үзілген электр сымдарына жақындамаңыз. Ғимарат жанынан жүгірмеңіз және оларға кірмеңіз. Егер сіз автомобильде болсаңыз, дүмпулер тоқтағанға дейін автомобильден шықпай ашық алаңда қала беріңіз.
Тақырыбы: "Жаңа жыл келді"
Мақсаты: Баларға жан - жақты эстетикалық тәрбие беруге ықпал ету; ән айту, ойнау, билеу арқылы қуаныш сыйлау.
Балаларды шеңбер бойымен жүруге, кеңістікте бағдарлауға, би және ырғақты қимылдарды орындауға үйрету.
Мамандардың өзара іс - тәжірибе алмасу отырысы.
Тақырыбы :"Ерекше білімді қажет ететін балалармен түзету - дамыту жұмыстары"
1."Даун с-мы бар балалардың дамуына массаждың пайдасы. "Мед. бике- массажист Арстанбекова А.А.
2."Балалардағы кохлеарлы имплантациядан кейінгі есту-сөйлеу реабилитациясы."Сурдопедагог : Абирова Э. Д.
3.Мамандарға арналған психологиялық тренинг. Тақырыбы :"Жақсы көңіл - күй денсаулық кепілі. "Педагог-психолог : А. С. Сапарбаева