29/04/2025  Сейсенбі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім беру басқармасының

Оңалту орталығы

коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы, Сағындықов көшесі, 7.

Оңалту орталығының жылдық есебі 01.09.2019 - 01.06.2020 жылдың аралығында


Орталық туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің білім беру басқармасының

«Оңалту орталығы» КММ

Оңалту орталығының құрылу тарихына аз ғана тоқталып өтейік. Қазақстан Республикасының «ҚР мүгедектерді қорғау», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медико-педагогикалық түзетуді қолдау» Заңдарын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімі Қ. Бозымбаевтың 2010 жылғы 25 ақпанындағы № 58 бұйрығы бойынша «Тараз қаласындағы психолого-педагогикалық түзету кабинеті» «Жамбыл облысы әкімдігінің білім беру басқармасының Оңалту орталығы» КММ болып қайта құрылды.

Оңалту орталығы (одан әрі ОО) - бұл дамуында түрлі бұзылыстары бар балаларға кешенді түрде түзету көмегін көрсету мақсатындағы арнайы түзету мекемесі, мына мамандар арқылы жүзеге асырылады: олигофренопедагогтар, сурдопедагогтар, психологтар, массажист, дәрігер – невропатолог, дәрігер- психиатр. Сонымен қатар, қажетті маманды басқа мекемелерден іздеп ата-аналардың қаржысы мен уақыттары жұмсалмайды.

2016 жылы қыркүйекте мектепке дейінгі жастағы балалардың ата-аналарының өтініші бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің қатысуымен ОО-да күндізгі топтар ашылды.

Негізгі бағыттар:

· Балаларды педагогикалық және психологиялық анықтау мен тексеру.

· Балаларды педагогикалық және психологиялық түзету

· Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналарына педагогикалық және психологиялық кеңес беру.

 

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды түзете-дамыта оқыту 3 формада жүзеге асырылады:

· жеке

· шағын

· топтық

Балаларды топқа Оңалту орталығы ПМП консилиумының шешімі негізінде балалардың жасы және жеке ерекшелігін, психофизикалық бұзылысын ескеру негізінде жинақталады. Топтарға 4жастан 6 жасқа дейінгі балалар қабылданады.

Күндізгі топтардағы балалар саны ережеге сәйкес 6-10 баладан аспайды.Топтағы балалардың саны балалардың жасы мен бұзылыстың деңгейіне байланысты.

Күндізгі топтарға төмендегідей дамуында психофизикалық бұзылыстары бар балалар қабылданады:

ақыл-ойында бұзылыстары бар балалар

сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балалар

тірек – қимыл аппаратында бұзылыстары бар балалар

психикалық дамуында бұзылыстары бар балалар

Күндізгі бөлімдегі топтардың барлық мамандары қазіргі қоғам өміріне балаларды әлеуметтендіру мақсатында жұмыс жасайды. Біздің ұстанымымыз – орталық мамандары мен ата-аналар арасындағы өзара сенім.

Қысқа мерзімді сабақтарға 6-18 жас аралығындағы дамуында психофизикалық бұзылыстары бар балалар қабылданады. Топ іс-әрекеттерінің мақсаты –балалар мен жеткіншектерді қоршаған ортаға үйрету, адамдармен өзара қатынас жасауға бейімдеу сиякты әдіс-тәсілдерді меңгеру, бөлісу,балалардың таным процестеріндегі, мінез-құлықтарындағы ауытқушылықтарды ескерту мен түзету,олардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.

Қысқа мерзімдегі топтарда ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қорғауды қамтамасыз ететін арнайы жағдай жасалған. Педагогтар психологиялық жайлылық атмосферасын құрады, баланың таным белсенділігі мен бейімделу дағдысын қалыптастырады.

Орталықтың барлық мамандары – дефектологтар, психологтар, логопедтер, әлеуметтік педагогтар, музыка жетекшісі, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы жеке дамыту бағдарламасын толтырады, ол түзете-оқыту үрдісіндегі даму деңгейін қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Әрбір маман баланың даму деңгейін анықтау үшін тексеру жүргізеді ( тапсырманы өздігінен орындай алуы, ересек адамның көмегімен орындауы). Тексеру кезінде баланың психофизикалық даму деңгейі, сөйлец тілінің даму деңгейі, жалпы түсінігі мен дағдыларының қоры анықталады. Орталықтың барлық мамандары бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды.

Әрбір топта педагог- психолог жұмыс жасайды. Топтағы психологтың негізгі міндеті – топта жағымды климатты құру, қақтығыс жағдайларын шешу, эмоционалды қысымды түсіру. Ол әр баланың жеке эмоционалдық ерекшеліктерін зерттейді, баланы оқыту мен тәрбиелеудің жеке дамыта-түзету бағдарламасын құрастырады. Топта ойынтерапиясы сабақтарын, сюжеттік-рөлдік, түзете-дамыту ойындарын өткізеді. Мінез-құлқында ерекшелігі бар балалармен жеке сабақтар жүргізеді. Ата-аналармен жұмыс жасайды, баланы отбасында тәрбиелеу жайында кеңестер береді, балаға қойылатын талаптармен таныстырады.

Түзету-педагогикалық жұмыста негізгі маманның бірі дефектолог болып табылады (олигофренопедагог, сурдопедагог). Олар балаларды зерттейді, жеке дамыту бағдарламасын құрастырады, балалармен жеке түзету сабақтарын өткізеді, үй жағдайында баланы оқыту сұрақтары бойынша ата-аналарға кеңестер береді.

Орталықта мұғалім-логопед баланың сөйлеу тілінің дамымуын анықтайды, сөйлеу тілі мүшелерінің құрылымы мен белсенділігін анықтайды. Сөйлеу тіліндегі кемістікті түзеуге бағытталған түзету жұмысын жүргізеді. Сөзді дұрыс айту дағдысын қалыптастырумен жұмыс жасайды. Ата-аналарға кеңестер береді, баламен үйде жұмыс жүргізуге ұсыныстар дайындайды.

М.Монтессоридің әдістемелерін қолдану негізінде сенсорлық дамыту сабақтарын педагог-психолог, олигофренопедагог өткізеді. Бұл сабақтар баланы кеңістікте бағдарлау, ұсақ-қол моторикасын дамытуға бағытталған. Сабақ барысында танымдық қабылдау дамытылады (түс, пішін, көлем). Педагог заттарды қызметтік мәніне қарай қолдануды үйретеді.

Монтессори бөлмесіндегі сабақтарда түрлі әдістемелермен жұмыс жасауға үйренеді, қағаздардан құрастырады, мозаикамен, маталармен, ермексазбен, жармалармен жұмыс жасайды, жабыстырумен айналысады. Ұқыпты жұмыс жасауға үйренеді. Барлық жұмыс түрі баланың ақыл-ой және физикалық мүмкіндігін ескеру негізінде таңдап алынады.

Біздің орталықта педагогтар сабақ кезінде ерекше білімді қажет ететін балаларға өздерінің шығармашылық деңгейін жүзеге асыруға көмектеседі, атап айтсақ, сурет салу, арт-терапия, саздан илеу жұмыстары. Балаларда шыдамдылық қалыптасады, есте сақтаулары, зейіндері, ойлауы дамиды. Сабақтар балалардың эстетикалық сезімін, көркемдік талғамын қалыптастырады. Саздан илеу тәсілдерін меңгеру арқылы балалардың саусақтарының қозғалысы, көру-моторлық координациясы дамиды.

Музыкалық сабақтар түзету-педагогкалық жұмысының міндетті бөлшегі болып табылады. Сабақтар екі бағытты қамтиды – түзету және дамыту. Музыкалық терапияда педагог музыканы балалардың эмоционалдық қарым-қатынасның негізі ретінде қолданады. Жеке жұмыста лого-ритмикалықойындар мен жаттығулар, артикуляциялық аппаратты, фонематикалық естуді дамытуға арналған саусақ жаттығулары, қолданылады. Музыка жетекшісі логопедпен бірге жұмыс жасайды, логопедтің ұсынысмен тыныс алу жаттығуларын пайдаланады.

Әдістемелік жоспарда іс-шаралар, мерекелер қарастырылған. Тақырыптық мерекелер: «Күз мерекесі», « Жаңа жыл», « 8 наурыз», « Наурыз», «Балаларды қорғау күні» т.б орталық мамандарымен балалардың қатысуымен өткізіледі.

Ерте жаста дамуында бұзылысы бар балалардың физикалық дамуы трлі әдістермен жүзеге асады. Физикалық тәрбиелеу сабақтарындағы басты мақсат – балалардың сауығуы, баланың ағзасын нығайтуға арналған ойындар мен жаттығуларды таңдау. Сонымен қатар қимыл-қозғалыс бұзылысын түзету жұмысы да жүргізіледі. Жаттығулар жас ерекшеліе физиологоиясын ескеру негізінде таңдап алынады.

Кеңес беру сабақтарына 1,5 жастан – 3 жасқа дейінгі балалар ата-аналармен қатысады.

Орталықта ерте жастағы балалармен педагогтар көрсеткіштер бойынша жұмыс жасайды. Олар әлеметтік-тұрмыстық дағдыларды дамыту жұмыстарын жүргізеді. Мәдени – гигиеналық дағдыларды қалыпастырады. Балаларды күнделікті өмірге бейімдеуге көмектеседі. Педагог балалармен дидактикалық ойындар өткізеді. Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналарын үй жағдайындағы оңалту жұмыстарына үйретеді.

 

 

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Оңалту орталығы» КММ балалар контингенті

Аңғарым

2012ж

2013ж

2014ж

2015ж

2016ж

01.01-11.09. 2017жыл

Түзету сабақтарын алған балалардың жалпы саны

Барлық бала

246

309

239

419

224

185

1622

ПДТ балалар

79

106

85

142

81

54

547

Жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар балалар

2

5

5

13

7

12

44

Ауыр ақыл-ой кемістігі бар балалар

0

0

3

7

0

0

10

Естімейтін балалар

0

6

0

0

0

0

6

Нашар еститін балалар

15

18

17

23

13

14

100

Нашар көретін балалар

3

2

2

2

0

0

9

Тірек-қимыл аппаратында бұзылысы бар балалар

48

74

84

145

75

51

477

Ауыр тіл кемістігі бар балалар

94

89

32

62

28

31

336

Эмоционалды ерік бұзылыстары бар балалар

5

9

11

25

20

23

93

мүгедектер

84

140

135

246

163

67

835

Шыққан балалар

156

207

43

297

115

81

899

 

Түзете оқытудан кейін басқа мекемелерге жіберілген балалар

 

Арнайы білім беру мекемелері

Мектепке дейінгі

15

17

7

23

7

4

73

Мектеп жасындағы

4

6

4

8

6

3

31

 

Білім беру мекемелеріндегі арнайы сыныптар (топтар)

Мектепке дейінгі

12

19

5

29

12

9

86

Мектеп жасындағы

7

9

6

34

8

5

69

 

Жалпы білім беру ұйымдарына енгізілгені

Түзету-педагогикалық қолдауымен

24

33

3

48

9

7

124

Түзету-педагогикалық қолдаусыз

39

52

7

77

23

18

216

Үйде оқыту

37

43

3

45

31

23

182

Жеке меншік мекемелер

5

16

8

28

12

10

79

Медициналық мекемелерде емделуге байланысты оқуға уақытша қамтылмағандар

13

12

0

5

7

2

39

 

2017-2018 оқу жылда түзете - дамыту көмегін алған

ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдер

Аңғарым

Түзете - дамыту көмегін алғандардың жалпы саны

Барлығы

260

психикалық дамуы тежелген

116

ақыл –ой кемістігі, жеңіл турі

3

ақыл-ой кемістігі, ауыр түрі

12

есту қабілеті нашар

14

тірек –қимыл аппаратының бұзылуы

66

тіл кемістігі

32

эмоцияналдық ерік жүйесі бұзылымы

17

мүгедектер

124

шығып кеткен балалар

123

Түзету-дамыту жұмыстарынан кейін басқа мекемелерге жіберілгендер

Білім берудің арнайы мекемесі

мектепке дейінгі

28

мектеп жасындағы

5

Арнайы сыныптар (топтар) білім беру мекемелеріндегі

мектепке дейінгі

11

мектеп жасындағы

9

Жалпы білім беру мекемелеріне кірістірілгендер

Түзету –педагогикалық қолдаумен

19

Түзету –педагогикалық қолдаусыз

16

Үйде оқыту

27

Басқа мекемелер, жеке, қоғамдық

8

 

 

2017-2018 оқу жылына мониторинг

 

Аңғарымы

Түзету-дамыту көмегін алған балалардың саны

Барлық бала

260

психикалық дамудың тежелуі

116

ақыл-ой бұзылысының әр түрлі деңгейі

3

терең ақыл-ой бұзылысы

12

есту қабілетінің бұзылысы

14

церебральды салдану, тірек-қимыл аппаратының бұзылысы

66

сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстары

32

эмоционалды-ерік сферасының бұзылысы

17

Олардың ішінде мүгедек балалар

124

Шыққан балалар

114

Басқа білім беру ұйымдарына кеткен балалар

Арнайы білім беру мекемелері

Мектепке дейінгі

28

Мектептік

5

Білім беру ұйымдарындағы арнайы сыныптар (топтар)

Мектепке дейінгі

11

Мектептік

9

Жалпы білім беру ұйымдарына енгізу

Педагогикалық -түзету қолдауымен

11

Педагогикалық-түзету қолдауынсыз

16

Үйде оқыту

26

Басқа ұйымдар (жекеменшік, қоғамдық)

8

2017-2018 оқу жылында Оңалту орталығында ерекше білім беру қажеттілігі бар 260 балаға қызмет көрсетілді, олардың ішінен 114 бала жақсы нәтижелермен Оңалту орталығынан басқа білім беру мекемелеріне шығарылды, Оңалту орталығында 114 бала түзету-дамыту көмегін алуды жалғастырады.

 

2016-2020 жылдарға бағдарлама. «Аутизмді жеңеміз!»

Оңалту орталығының аутизм және аутизм синдромы аңғарымындағы

балалармен түзету-дамыту жұмысындағы жеткен жетістіктері

Біздің орталыққа аутизм және аутизм синдромы аңғарымындағы 27 бала келеді, 11 бала аутизм және 16 бала аутизм синдромымен. Олардың ішінде 5 бала күндізгі топтарда.

Аутизмі бар балалар қарым-қатынас дағдысының болмауымен сипатталады, яғни олар өздерінің не айтқысы келетіндіктерін жеткізе алмайды, бұл мінез-құлық бұзылысына әкеледі.

Оңалту орталығында баланы жағдайларға бағдарлануға үйретеді, эмоционалды-ерік өрісіне түзету жұмыстары жүргізіледі, қорқыныш, агрессия көріністері түзетіледі, балаларда қоршаған ортаға адекватты реакция қалыптасады. Балаладың көбісі уақыт өте келе педагогпен, басқа балалармен біртіндеп және толық қарым-қатынасқа түсе бастайды. Олар өздерінің қалауларын басқа балалардың қалауларымен сәйкестендіре бастайды, қарапайым тәртіпті сақтай бастайды.

Аутизмі бар балалардың көпшілігі өз-өзіне қызмет көрсете алмайды. Оңалту орталығында тәрбиешілер, әлеуметтік педагогтар және басқа барлық мамандар балаларды өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларына үйретеді. Мысалы, күндізгі топтардағы және қысқамерзімді ауысымдағы аутизмі бар балаларда алғашқы келген кезінде тамақтануда қиындықтар болады. Олардың кейбірі белгілі бір түстегі тағамдарды пайдаланбайды (мысалы, қызыл немесе қызғылт сары), тағамды тек суық күйінде жейтін балалар бар, сонымен қатар үйінде қасықпен тамақтандыратын да балалар кездеседі. Барлық балалар өз беттерінше тағамды жеуге үйренді, пайдалы тағамдарды пайдалануға үйретілді. Оңалту орталығындағы түзету үрдістерінің барысында балалар өздеріне біртіндеп немесе толықтай қызмет көрсете бастады.

Оңалту орталығына келген баладағы көру арқылы қатынастың болмауы біртіндеп әр балада қалыптаса бастайды. Одан әрі баланы затты бақылауға, көріп қабылдауға үйретеді.

Аутизмі бар балаларда ым-ишара, дене қозғалысын қолдану қиындық туғызады, нұсқау ишарасы болмайды. Бірақ баланы өз әлемінен шығарған кезде, балада жеңіл дұрыс эмоционалды көріністер пайда бола бастайды. (Алғашқыда бұл тек зейін қою, бірнәрсеге уақытша қызығушылық қана болса, кейіннен педагогқа өзінің адамы сияқты тактильді жақындау көріне бастайды, күлуі, эмоцияларға еліктеуі мүмкін, кейбір әрекеттерді ұнатпағанын көрсетуі мүмкін).

Сөйлеу тілі, сөзді түсінуі болмаған балалар қарапайым нұсқауларды түсініп, орындай бастады, өз аттарына көңіл аудара бастады. Жеке сөздері бар балалар 1-2 күрделі сөйлемді айтуға үйренді. Формальді нормативті сөйлеу тілі бар балалар сұрақтарға жауап беруге үйренді.

Даму деңгейлеріне сәйкес әр баланың таным процестерінде жақсару бар. Көптеген балалар ауызша нұсқаулық бойынша тапсырмалар орындауға үйренді, негізгі және қосымша түстерді, геометриялық фигуралар мен заттардың пішіндерін ажыратады, 5-10-20 сандары көлемінде санайды, оларды заттардың санымен сәйкестендіреді, 5-10-20 сандары көлемінде қосу мен алу арифметикалық амалдарын көрнекілік көмегімен орындауға үйренді. Бейнелеу құралдарын қолдануға үйренді: бояу, жапсыру, қайшымен қию т.б.

Біздің Оңалту орталығының тәжірибесі аутизмі бар балалармен жұмыстың 2-3 айынан кейін-ақ жетістіктер көріне бастайтынын көрсетті. Ата-аналармен кеңес беру және тренингтер түрінде жұмыстар жүргізіледі. Ата-аналар өз балаларының дамуындағы нәтижелерді байқап, түзету-дамыту үрдісіне белсене қатыса бастайды.

Оңалту орталығының басты жетістігі – балаларымызды жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерге, арнайы мекемелерге . 2014 -2017 жылдар аралығында аутизм және аутизм синдромы бар 16 бала шықты, 8 бала-мектепке, 6 бала-балабақшаға, 1 бала-көмекші мектепке, аутизмі және терең ақыл-ой бұзылысы бар 1 бала- психороникалық интернатына жіберілді.

Аутистік бұзылыстары бар балалардың саны өскенін бақылап отырмыз.

Мысалы, 2014-2017 жылдар аралығында орталықта бұндай балалардың саны 16 болса, 2018 жылдың өзінде орталыққа келіп журген бала саны 21-ге жетті.

 

Түзету жұмысының басынан осы күнге дейінгі даму динамикасы

· Зейін жыл басында – 28%, қазір –49%, жақсару 21%;

· Көріп қабылдау – 40%, қазір – 78%, жақсару38%;

· Естіп қабылдау– 33%,қазір – 62%, жақсару 29%;

· Ойлау– 34%,қазір – 59%, жақсару 25%;

· Вербалды қарым-қатынас– 40%, қазір– 60%, жақсару 20%;

· Вербалды емес қарым-қатынас – 20%,қазір– 48%, жақсару 28%;

· Ұсақ моторика – 43%,қазір – 65%, жақсару 22%;

· Денені басқару – 32%,қазір – 58%, жақсару 26%.

Оңалту орталығындағы түзету үрдісіне қатысушылар – балалар, олардың ата-аналары және мамандардың күнделікті біріккен жұмыстары Аутизмді жеңеміз дегенді дәлелдейді.

 

4. 2017-2018 оқу жылындағы өткізілген іс-шаралар

1)06.09.2017 жыл. «ПДТ балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында Отбасы күніне орай ата-аналарға дөңгелек үстел мен көрме өткізілді.

2)11.09.2017 жыл. «Әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттері» тақырыбында №1 әдістемелік кеңес өткізілді.

3)12.10.2017 жыл. Балалардың қарым-қатынас дағдыларын дамыту мен тәрбиелеуде ата-аналардың психологиялық құзыреттілігін көтеру мақсатында «Біздің балалар» тақырыбында ойын тренингі түрінде ата-аналар жиналысы өткізілді.

4)29.11.2017 «Аутизмі бар балалардың клиникалық-психологиялық-педагогикалық сипаттамасы» тақырыбында өзара тәжірибе алмасу семинары өткізілді.

5) 25-26.12.2017 жыл. «Қош келдің, Жаңа жыл!» мерекелік ертеңгілігі өткізілді. (2015,2016 жылдардағы Жаңа жыл ертеңгіліктері жергілікті телевидениеге түсірілді).

6) 28.12.2017 жыл. «Аутизмі бар балалардың ата-аналарына психологиялық көмек» тақырыбында ата-аналармен тренинг ұйымдастырылды.

7)16.01.2018 жыл. «Жылдың әдістемелік тақырыбымен жұмыс» тақырыбында № 2 әдістемелік кеңес өткізілді.

8) 22.01.2018 жыл. «Озық сабақ» журналына жарияланатын материалдар бекітілді.

9) Қаңтар айында ашық сабақтар өткізілді: «Қоршаған ортамен танысу. Киімдер» Журынова М.Б., «Көріп қабылдауды дамыту» Саламатова А.С., «Байланыстырып сөйлеуді дамыту» Илеспаева А.М., «Санауды қалыптастыру» Мадамарова Э.Г., «Сөз тіркесін дамыту» Копбосынова А.С.

10) 30.01.2018 жыл. «Аутизмі бар балаларға психологиялық-педагогикалық түзету көмегі» тәжірибе алмасу отырысы өткізілді.

11)23.02.2018 жыл. «Тәуелсіз елдің ұстаздары» 7-і облыстық фестивалында Көкжалбекова Ж.Ә. 1 дәрежелі диплом иеленді.

12)Ақпан айында өткізілген ашық сабақтар: «Естіп қабылдауды дамыту. Қыс. Д-т дыбыстары» Алсейтова А.Э., «Тәжірибелік аймақта түзету жұмысы» Кулдасынова Г.С., «Естіп қабылдауды дамыту» Абирова Э.Д., «Эмоционалдық қысымды жою» Сапарбаева А.С., «Қарым-қатынасты дамыту» Кокжалбекова Ж.А.

13)28.02.2018 жыл. «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың графо-моторлық дағдыларын дамыту» семинар-практикумы.

14) 05-07.03.2018 жыл. 8 Наурыз мерекесіне арналған тақырыптық сабақтар.

15)20.03.2018 жыл. «Қош келдің, Наурыз» ертеңгілігі өткізілді.

16)27.03.2018 жыл. «Әдістемелік бірлестіктердің жұмысы» тақырыбындағы №3 әдістемелік кеңесі өткізілді.

17)17.04.2018 жыл. «Аутизмі бар балалардың ата-аналарымен жұмыс» тақырыбындағы тәжірибе алмасу семинары.

18) 27.04.2018 жыл. «Аутизмі бар балаларға психологиялық-педагогикалық түзету көмегі» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

19) Сәуір айында өткізілген ашық сабақтар: «Ертегі терапияиясы» Жевницкая Л.А., «Балаларды мәдени-гигиеналық дағдыларға үйрету» Кундызбаева Р.А., «Табиғат құбылыстарымен таныстыру» Сухова С.О., «Балалардың графо-моторлық дағдыларын дамыту» Бектурганова А.А., «Ойын әрекеттерін дамыту» Жандыбаева А.П.

20) 22.05.2018 жыл. «2017-2018 оқу жылы бойынша әдістемелік жұмыс пен әдістемелік бірлестіктердің есебі» №4 әдістемелік кеңесі өткізілді.

21) 01.06.2018 жыл. Балаларды қорғау күніне орай «Көңілді жарыстар» іс-шарасы өткізілді.

 

5. 2015-2018 жылдардағы біздің мақалалар.

1) Байтуганова Л.Ш. – ОО директоры, мақала «Реабилитационный центр – это наша большая семья»« Знамя труда»газеті №66 (18083) 16 маусым 2015 жыл.

2) Абирова Э.Д. – сурдопедагог, мақала «Бастауыш сыныптарда мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс» Жамбыл облыстық ғылыми-әдістемелік журнал «Өрлеу», Ақпан 2016 жыл.

3) Жевницкая Л.А.- музыка жетекшісі, мақала «Музыкальное воспитание детей с аутизмом» «Білім шырағы» газеті№4 (5) 15 сәуір 2016 жыл.

4) Утегалиева Л.Т.-әдіскер, Кулдасынова Г.С.- педагог-психолог, мақала «Ақыл – ойында бұзылысы бар балалардың ойын әрекетін қалыптастыру сабақтарын өткізу әдістемесі»«Көшбасшы-мұғалім»газеті, № 2, 28 ақпан 2017 жыл.

5) Сапарбаева А.С. – педагог-психолог, мақала «Сенсорлық бөлме дегеніміз не?» мақала «Еңбекші» газеті № 5 (35) 17 наурыз 2017 жыл.

6) Байтуганова Л.Ш. – ОО директоры, мақала «Бүлдіршіндерді тұлға ретінде тәрбиелеу» «Озық сабақ» Жамбыл облыстық ғылыми-әдістемелік журналы №2 (40) қосымшасы. Ақпан, 2018 жыл.

7) Бабаева Л.И.- ООдиректор орынбасары, мақала «Логоритмика для детей с диагнозом: болезнь Дауна» Жамбыл облыстық ғылыми-әдістемелік журнал «Озық сабақ» №2 (40) қосымшасы. Ақпан, 2018 жыл.

8) Кулдасынова Г.С.- педагог-психолог, мақала «Сергіту сәтінің маңызы» Жамбыл облыстық ғылыми-әдістемелік журнал «Озық сабақ», №2 (40) қосымшасы. Ақпан, 2018 жыл.

9) Илеспаева А.М.- мұгалім-логопед, мақала«Церебралды сал ауруы бар балалардың байланыстырыш сөйлеу тілін дамыту» Жамбыл облыстық ғылыми-әдістемелік журнал «Озық сабақ», №2 (40) қосымшасы. Ақпан, 2018 жыл.

10) Сапарбаева А.С. – педагог-психолог,«Аутист балалардың ата- нанларына психологиялық қолдау көрсету»Жамбыл облыстық ғылыми-әдістемелік журнал «Озық сабақ», №2 (40) қосымшасы. Ақпан, 2018 жыл.

11) Мадамарова Э.Г.- олигофренопедагог,мақала«БЦС балалардың ұсақ қол моторикасын құрастыру арқылы дамыту»Жамбыл облыстық ғылыми-әдістемелік журнал «Озық сабақ», №2 (40) қосымшасы. Ақпан, 2018 жыл.

12) Көкжалбекова Ж.Ә. - педагог-психолог, мақала «Мамандықтар» Жамбыл облыстық ғылыми-әдістемелік журнал «Озық сабақ», №2 (40) қосымшасы. Ақпан, 2018 жыл

13) Журынова М.Б. – олигофренопедагог, мақала«Ақыл – ойының дамуында кемістігі бар балалардың ұсақ моторика дағдыларын дамыту бойынша ойындар мен жаттығулар жүйесі»Жамбыл облыстық ғылыми-әдістемелік журнал «Озық сабақ», №2 (40) қосымшасы. Ақпан, 2018 жыл.

14) Бектурганова А.А. – тәрбиеші, мақала «Одуванчики-цветы, словно солнышко желты» Жамбыл облыстық ғылыми-әдістемелік журнал «Озық сабақ», №2 (40) қосымшасы. Ақпан, 2018 жыл.

15) Әлсейтова А.Е.- сурдопедагог, мақала «Влияние дидактических игр на развитие слухового восприятия детей с кохлеарным имплантом»Жамбыл облыстық ғылыми-әдістемелік журнал «Озық сабақ», №2 (40) қосымшасы. Ақпан, 2018 жыл.

16) Утегалиева Л.Т.-әдіскер, мақала «Консультирование родителей гиперактивного ребенка» Жамбыл облыстық ғылыми-әдістемелік журнал «Озық сабақ», №2 (40) қосымшасы. Ақпан, 2018 жыл.

17) Әлсейтова А.Е.- әлеуметтік-педагог, мақала «Аутист балаларды әлеуметтік бейімдеу» Материалы международной научно-практической конференции «Современные тенденции в нравственно-духовном образовании и социализации подрастающего поколения», 2 том, Казахстан, 28 наурыз 2018 жыл.

6. Оңалту орталығы директоры құрастырған әдістемелік-бағдарламалық материалдар

Мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2006 жылдан бастап арнайы педагогика саласында үлкен еңбек өтілі бар (30 жыл), жоғары санатты олигофренопедагог-логопед директор Байтуганова Л.Ш. Оңалту орталығының түзету-дамыту үрдісін қамтамасыз ету мақсатында әдістемелік-бағдарламалық материалдар дайындап, құрастырда.

Оңалту орталығының жас мамандарына жеке дамыту бағдарламасын құруда көмек болу үшін барлық аңғарымдар мен жас ерекшеліктері бойынша келесі бағдарламаларды жасады (бұл бағдарламалар орталықтың жас мамандарына әдістемелік құрал болып табылады, Оңалту орталықтары үшін бағдарламалар шығарылмайды, себебі Оңалту орталығында әр балаға жеке дамыту бағдарламасы құрылады):

1) Аутист балалармен түзету-дамыту жұмысының бағдарламасы.

2) Сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балалармен түзету-дамыту жұмысының бағдарламасы.

3) Ақыл-ойында бұзылысы бар балалармен түзету-дамыту жұмысының бағдарламасы.

4) Ерте жастағы балалармен түзету-дамыту жұмысының бағдарламасы (0-3 жас).

5) Мектепке дейінгі жастағы балаларды танымдық және сенсорлық дамытудың бағдарламасы.

 

Оңалту орталығы мамандарына келесі әдістемелік материалдарды дайындады:

1)Аутист балалармен түзету-дамыту жұмысы.

Жаттығулар мен тапсырмалар

2)Таным әрекеттерін дамыту жаттығулары мен тәсілдері.

3)Фонематикалық естуді дамыту жаттығулары мен тәсілдері.

4)Бланктер: Топтық бағалау үшін барлық мамандардың топтық бағалау және таныстыру хаттамалары.

« Фонетико-фонематикалық сөйлеу тілінің дамымауы бар балалармен түзету-дамыту жұмысы » шығармашылық тақырыбымен жұмыс жасауда.

 

7. Материалдық-техникалық база

Оңалту орталығында түзете-дамыта оқытудың негізгі шарты мекемені түзету-дамыту құрал-жабдықтарымен, техникалық және компенсаторлы құралдармен жабдықтау болып табылады:

1)сенсорлық бөлмеде: «Құс жолы» қабырға кілемі, «Құс жолы»

еден кілемі , «Топ-топ» кілемшесі, «Жұлдызды аспан» панносы, «Қисық айна» панносы, музыкалық кресло, сенсорлы жол, түйіршікті кресло, қауіпсіз көпіршікті баған, сарқырама, сиқырлы шар, от жалыны, «шексіздік» панносы, құрғақ бассейн, құрғақ душ, сәулелі проектор, айна шар, жарықтар жиынтығы, «Босаңсу» шамы, жұмсақ модульдер.

2)мамандардың кабинеттерінде: көпфункцоналды жұмсақ ойындық модульдер жиынтығы, ойын жинақтары, құм мен су ойындарына арналған үстел-ванна, қабырға айналары, заттық және ойындық әрекеттерге арналған ойыншықтар, лексикалық тақырыптар бойынша ойыншықтар (жабайы, үй, теңіз жануарлары, ыдыс-аяқтар, құралдар, үтік, шаңсорғыш, жеңіл көліктер, автобустар), әуенді кілемше, пирамидалар, әр түрлі сортерлер, құрылыс жиынтығы, «Тасбақа» дидактикалық жинағы, мөлдір Мольберт, қабырға модульдері, құрастырғыштар, қуыршақтар, сюжеттік ойындар, қуыршақ театры, сиқырлы шар, «Көңілді паровоз» ойыны, «Театрал» қуыршақ театры, манеж, көрнекі-дидактикалық материалдар (баланы тексеру альбомы, заттық, сюжеттік, сериялы суреттер және т.б.), логопедиялық үстел, логопедиялық зондтар (логопедтер үшін), компьютерлік дамыту ойындары мен бағдарламалар жиынтығы бар компьютер, «Түймедақ» үстелі орындықтарымен, кілемдер, реттеуші үстел, қозғалыс белсенділігіне арналған орындықтар, мольберт устелі, жылжымалы туалет, жеткілікті түзету-дамыту әдебиеттері, «САТР» орталығы мамандарының және шетел авторларының материалдары мен оқу құралдары.

3) ЕДШ залында: «Топ-топ» массаж кілемшелері, «ГОФР» іздері бар массаж жолы, сенсорлық доптар, велотренажер, батут добы, «Сырғанақ» құрастырғышы, «Құламай өт» брусі, гимнастикалық таяқтар, еден маттары, батут, түйіршікті массажды кресло, жүруге арналған тренажерлар (әр түрлі өлшемде), жүруге арналған рамалар (реттелетін, реттелмейтін), тепе-теңдік тақтасы, скутер тақта, вестибулярлы тақта , бел айналмасы, «Дөңгелекті лақтыр» ойын жинағы, ойын лабиринті, сенсорлы жол, шведтік қабырға, «Шеңберде домалату» ойын трубасы, шаршы арка, жұмсақ бордюр және тағы басқалар.

4) Монтессори бөлмесі толық жабдықталған.

5) балалар алаңында 5 балалар ойын алаңыбар.

6) Оңалту орталығында кешенді көмек көрсетуге келесі орындар бар:

- емдік дене шынықтыру өткізуге арналған зал;

- топтық және жеке жұмыстар жүргізуге арналған бөлмелер (логопедиялық бөлме, олигофренопедагог бөлмесі, естіп қабылдау бөлмесі, психолог бөлмесі, сенсорлық бөлме, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлануды дамыту ойын бөлмесі);

- санитарлық-гигиеналық және шаруашылық-тұрмыстық қызмет көрсету орындары;

 

 

 

2018-2019 оқу жылда түзете - дамыту көмегін алған

ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдер

Аңғарым

Түзете - дамыту көмегін алғандардың жалпы саны

Барлығы

312

психикалық дамуы тежелген

107

ақыл –ой кемістігі, жеңіл турі

13

ақыл-ой кемістігі, ауыр түрі

4

есту қабілеті нашар

19

тірек –қимыл аппаратының бұзылуы

71

тіл кемістігі

46

эмоцияналдық ерік жүйесі бұзылымы,

аутизм, АСБ

52

мүгедектер

127

шығып кеткен балалар

134

Түзету-дамыту жұмыстарынан кейін басқа мекемелерге жіберілгендер

Білім берудің арнайы мекемесі

мектепке дейінгі

25

мектеп жасындағы

4

Арнайы сыныптар (топтар) білім беру мекемелеріндегі

мектепке дейінгі

10

мектеп жасындағы

8

Жалпы білім беру мекемелеріне кірістірілгендер

Түзету –педагогикалық қолдаумен

18

Түзету –педагогикалық қолдаусыз

23

Үйде оқыту

35

Басқа мекемелер, жеке, қоғамдық

11

 

 

2018-2019 оқу жылына мониторинг

 

Аңғарымы

Түзету-дамыту көмегін алған балалардың саны

Барлық бала

312

психикалық дамудың тежелуі

107

ақыл-ой бұзылысының әр түрлі деңгейі

13

терең ақыл-ой бұзылысы

4

есту қабілетінің бұзылысы

19

церебральды салдану, тірек-қимыл аппаратының бұзылысы

71

сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстары

46

эмоционалды-ерік сферасының бұзылысы, аутизм,

АСБ

52

Олардың ішінде мүгедек балалар

 

Шыққан балалар

134

Басқа білім беру ұйымдарына кеткен балалар

Арнайы білім беру мекемелері

Мектепке дейінгі

25

Мектептік

4

Білім беру ұйымдарындағы арнайы сыныптар (топтар)

Мектепке дейінгі

10

Мектептік

8

Жалпы білім беру ұйымдарына енгізу

Педагогикалық -түзету қолдауымен

18

Педагогикалық-түзету қолдауынсыз

23

Үйде оқыту

35

Басқа ұйымдар (жекеменшік, қоғамдық)

11

2018-2019 оқу жылында Оңалту орталығында ерекше білім беру қажеттілігі бар 312 балаға қызмет көрсетілді, олардың ішінен 134 бала жақсы нәтижелермен Оңалту орталығынан басқа білім беру мекемелеріне шығарылды, Оңалту орталығында 178 бала түзету-дамыту көмегін алуды жалғастырады.

 

Түзету жұмысының басынан осы күнге дейінгі даму көрсеткіштері

· Зейін жыл басында – 33%, қазір –51%, жақсару 18%;

· Көріп қабылдау – 42%, қазір – 81%, жақсару39%;

· Естіп қабылдау– 31%,қазір – 61%, жақсару 30%;

· Ойлау– 39%,қазір – 62%, жақсару 23%;

· Вербалды қарым-қатынас– 42%, қазір– 63%, жақсару 21%;

· Вербалды емес қарым-қатынас – 19%,қазір– 45%, жақсару 26%;

· Ұсақ моторика – 41%,қазір – 62%, жақсару 21%;

· Денені басқару – 34%,қазір – 55%, жақсару 21%.

Оңалту орталығындағы түзету үрдісіне қатысушылар – балалар, олардың ата-аналары және мамандардың күнделікті біріккен жұмыстары Аутизмді жеңеміз дегенді дәлелдейді.

 

2018 – 2019 оқу жылында өткізілген іс – шаралар

03.09.2018 жылы «Әдістемелік жұмыстың мақсат – міндеттерін жүзеге асырудың негізгі бағыттарымен таныстыру» туралы I – әдістемелік кеңес өткізілді.

26.09.2018 жыл. 1) Ата – аналар жиналысы өтті. Жиналыста ата – аналар өткізілетін жұмыс жоспарымен таныстырылды. Оңалту орталығындағы мамандардың түзету жұмыстарының мазмұны мен әдістері көрсетілді. 2) Ашық сабақ: «Күз» тәрбиеші Сухова С.О.

16.10.2018 жыл. 1) «Қош келдің, Алтын Күз!» іс – шарасы өтті. 2) Ашық сабақ: «Тазалық заттары» әлеуметтік педагог Алсеитова А.Е.

15.11.2018 жыл. Ашық сабақ «Ыдыстар» олигофренопедагог Журынова М.Б.

22.11.2018 жыл. «Аутист балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу» тақырыбында өзара іс – тәжірибе алмасу семинары өтті.

07.12.2018 жыл. «Білім сапасын арттыру жолдары» тақырыбында жоспар бойынша II – әдістемелік кеңес болып өтті.

14.12.2018жыл. Аутист балалардың ата – аналарына «Баламен қарым – қатынастағы ерекшеліктер» тақырыбында тренинг өтті.

Желтоқсан айында 2019 жылда өткен ашық сабақтар: 1) «Көріп қабылдауын дамыту. Көкөністер» педагог-психолог Көкжалбекова Ж.А., «Сенсорлық аймақта түзету жұмысы» педагог-психолог Кулдасынова Г.С.

25 – 26.12.2018ж. 1) «Қош келдің, Жаңа жыл!» ертеңгілігі; 2) Қаңтар айында өткен ашық сабақтар: «Қоршаған ортамен таныстыру. Ыдыстар» тәрбиеші Жандыбаева А.Б., «Қоршаған ортамен таныстыру. Қыс қызығы» тәрбиеші Несіпбаева А.Т.

25.01.2019 жыл. «Аутист балалармен жүргізілетін түзете – дамыту жұмыстарының бағыттары» тақырыбында өзара іс – тәжірибе алмасу семинары өтті.

29.01.2019ж. «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында іс – шара болып өтті.

06.02.2019 жыл. «Біз бақытты баламыз» атты іс – шара болды. Іс – шара аутист балаларға арналған күндізгі төртінші топтың ашылу салтанатына орай өтті. (Іс – шара қалалық телеарналардан көрсетілді).

22.02.2019 жыл. «Ерекше білім қажеттілігі бар балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу» семинар – практикум.

Ақпан айында 2019 жылы өткізілген ашық сабақтар: «Фразалық сөйлеуді дамыту. Жыл мезгілдері» логопед Копбосынова А.С., «Қоршаған ортамен таныстыру.Көліктер» тәрбиеші Оразымбетова Н.А.

26.02.2019ж. Әдістемелік бірлестіктердің жұмысы туралы III әдістемелік кеңес өтті.

06 – 07 наурыз күндері орталықта 8 – наурыз мерекесіне арналған тақырыптық сабақтар өткізілді.

19.03.2019 жыл. Даун күніне арналған ата – аналарға «Біз нұрлы балалармыз» атты іс – шара өтті

20.03.2019 жыл. «Төрлет, Наурыз!» Жаңа жылдық бағдарлама өткізілді.

Наурыз айында 2019 ж. Ашық сабақтар: «БЦС кезіндегі массаж» массажист Раимова Ф.А., «Есту қабілетін және дыбыстануды дамыту» сурдопедагог Абирова Э.Д., «Үй жануарларының балалармен қонақта болуы» тәрбиеші Бектурганова А.А., «Ертегітерапиясы» музыкалық педагог Жевницкая Л.А.

02.04.2019ж. «2 сәуір – Бүкіләлемдік аутизм жайлы ақпарат тарату күні» орай ата – аналарға арналған іс – шара өтті (Іс – шара қалалық телеарналардан көрсетілді).

26.04.2019 жыл. «Ерекше білім қажеттілігі бар балалармен жаңа технологиялар бойынша жұмыс жасау» тақырыбында өзара іс – тәжірибе алмасу семинары өтті.

30.04.2019ж. «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» орай өтті.

17.05.2019 жыл. Оқу жылының әдістемелік жұмыс тақырыбының жүзеге асуы мен әдістемелік кеңес жұмысының қорытындысы туралы IV – ші әдістемелік кеңес өткізілді.

31.05.2019 жыл. 1 маусым – балаларды қорғау күніне орай іс – шара өтті.