Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Оңалту орталығының жылдық есебі
01.09.2020 - 01.06.2021 жылдың аралығында
1.Кіріспе
Оңалту орталығы (ары қарай ОО) - бұл арнайы түзету мекемесі, жұмысының мақсаты келесі: педагог-психолог, олигофренопедагог, сурдопедагог, мұғалім- логопед, тәрбиеші, массажист, ЕДШ медбике, дәрігер-психиатр мамандарының қатысуымен дамуында түрлі мәселесі бар балаларға кешенді түрде түзету көмегін көрсету. Сонымен қатар ата-аналардың арнайы мамандар іздеп басқа мекемелерге қатысуына кететін қосымша қаржы мен уақытты үнемдеуіне ықпал етеді.
Барлық мамандардың іс-әрекеті түзету-дамыту жұмысында туындаған мәселелерді бірге отырып шешу негізінде құрылады. Бірде-бір маман басқа мамандардан бөлектеніп баламен жұмыс істемейді. Әр түрлі мамандар өкілдері баламен жүргізілген жұмыс туралы ақпарат алып отырады, өзінің іс-әрекеттерін басқа мамандармен бірлесе жоспарлай алады.
Әр қабылданған бала оның психофизикалық жағдайына топтық бағалау құру үшін, мамандар тобының кешенді тексеруінен өтеді. Әр маман бала жағдайын өз саласы бойынша тексереді, сондай-ақ мамандар ұжымының әр мүшесі баланы бақылау кезіндегі ақпараттарды жинайды және балаға түзету көмегін көрсету бағыты мен әдісін бірге талқылайды. Бұған баланың денсаулығын тексеру, жетекші іс-әрекет түрлерінің даму деңгейін табу, танымдық және жеке эмоционалдық сферасын, баланың әлеуметтік даму жағдайын, тілдік дамуын, ойын және білім қорын анықтау кіреді.
Мамандар тобы бала жағдайын бірлесіп талқылау нәтижиесі бойынша түзету - дамыту жұмысының бағытын анықтайды және түзету іс- шарасының жоғарғы нәтижиесіне жету үшін жеке дамыту бағдарламасын құрайды (ЖДБ)
№ 66 14.02.2017 жылғы қаулысында арнайы білімді қажет ететін балаларға типтік ереженің негізінде оңалту орталығының қызметі. Типтік ережесінің негізінде, №174 08.04.2015ж Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша, оның негізгі мақсаты 90-365 күнтізбелік күнге сәйкес түзету жұмысының бағытын анықтау. Өткен кезеңдердегі жетістіктерге сәйкес түзету жұмысының міндеті өзгереді, қосымша топтық бағалау жүргізіледі, жүргізу мерзімі- жылына 2 рет немесе көрсеткіштер бойынша. Өткен кезеңдардің жеткен жетістіктерін қайта топтық бағалу өткізу арқылы анықтап, соның нәтижиесіне қарай түзету жұмысының міндеттеріне өзгерту енгізіледі. Топтық бағалау өткен мерзімі жылына екі рет немесе көрсетіліміне қарай.
Оқыту-тәрбиелеу үрдісі баланы психологиялық-медициналық-педагогикалық және клиникалық тексеру негізінде алынған мәліметтер бойынша дифференциялды және жеке ықпал ету принципінде жүзеге асырылады. Баланың сөйлеу тілі , зейіні, жұмыс қабілетінің ерекшелігін, даму динамикасын, білім денгейін, оқу бағдарламасын менгеру мүмкіндігі мен ерекшелігін жүйелі түрде анықтау жұмысы даму перспективасын анықтау мен түзету жұмысының құралын таңдау үшін жүргізіледі.
2. Оңалту орталығында түзету-дамыту жұмысын ұйымдастыру алгоритмі
Баланы оңалту орталығының журналына тіркеу |
Баланы алғашқы қабылдау |
Дәрігердің баланы алғашқы тексеруі |
Мамандардың баланы тексеруі |
Топтық бағалау өткізуге дайындық |
Топтық бағалу өткізу және ЖДБ құру |
Түзету – дамыту жұмысы |
Топтық бағалауды қайта өткізу |
Мониторинг |
Мектепке дейінгі және мектеп
мекемелеріндегі интеграция |
3. Оңалту орталығында түзету көмегін алған балалар саны туралы мәлімет
Оңалту орталығы ең алдымен әр түрлі себептермен басқа арнайы білім беру мекемелерінен түзету көмегін ала алмайтын, ақыл- ойында және психикалық дамуында ауыр және терең бұзылуы бар балаларға көмек көрсетеді.
Егер ауданда басқа арнайы (түзету) білім беру мекемесі болмаған жағдайда, Оңалту орталығы барлық дәрежедегі мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетеді.
Оңалту орталығында 01.09.2020 - 01.06.2021 жылдың аралығында 252 балаға түзету көмегі көрсетілді.
Олардың ішінде:
Барлығы |
Психика-лық да- |
Ақыл-ой |
Тірек-қимыл аппараты- |
Есту қабілетінің бұзылысы |
Сөйлеу тілінің бұзылысы |
Эмоция- |
252 |
57 |
16 |
23 |
15 |
30 |
111 |
Балалар диагнозы мен жастары бойынша контингенті
Диагнозы |
0-3 жас |
3-7 жас |
7-18 жас |
Барлығы |
Барлық бала |
21 |
143 |
88 |
252 |
психикалық дамуы тежелген |
3 |
34 |
20 |
57 |
ақыл –ой кемістігі, жеңіл түрі |
0 |
0 |
16 |
16 |
есту қабілеті нашар |
1 |
5 |
9 |
15 |
тірек – қимыл аппаратының бұзылуы |
0 |
11 |
12 |
23 |
тіл кемістігі |
1 |
24 |
5 |
30 |
эмоцияналды- ерік сфера, аутизм, АСБ |
16 |
69 |
26 |
111 |
Оңалту орталығында 01.09.2020 – 01.06.2021 жылдың аралығында дамыту - тузету көмегін алган ерекше білім беруді қажет ететін балалардың саны:
- Тараз қаласынан – 236;
- аудандардан – 16 (Жамбыл ауданынан – 14 бала, Байзақ ауданынан – 2 бала).
2021 жылдың 1 маусымына дейін ерекше білім беруді қажет ететін 252 бала түзету көмегін алды.
Олардың ішінде:
- 3 жасқа дейін дамуында бұзылысы бар 21 бала;
- психикалық дамуы тежелген 47 бала;
- әр түрлі деңгейде ақыл – ой кемістігі бар 16 бала;
- церебральды салдану және басқа да тірек –қимыл аппараты бұзылысымен 23 бала;
- сөйлеу тілінде бұзылысы бар 30 бала;
- арнайы оқытуды қажет ететін есту қабілетінде бұзылысы бар 14 бала;
- аутизм, АСБ және басқа да эмоционалдық-еріктік бұзылыстармен 95 бала;
- мектеп дағдыларын (оқу,жазу,санау) меңгеруде қиындықтары бар 7 бала;
Оңалту орталығында ерекше білім беруді қажет ететін балалар мен жеткіншектерді түзету-дамыту жұмысы оқытудың түрінде жүргізіледі – қысқа мерзімде жеке және шағын топтық, күндізгі мерзімдегі топтар, қашықтан.
- 147 бала қысқа мерзімде жеке және шағын топтарда оқытылды;
- 62 баламен күндізгі топтарда жұмыс жүргізілді;
- 43 баламен қашықтан оқыту жұмысы жүргізілді;
Аутистік спекторы бұзылған балаларды оңалту және әлеуметтік бейімдеу үшін бес мектепке дейінгі күндізгі топ жабдықталған.
- «Ягодка» - аутизм, аутизм спекрінің бұзылуы және эмоционалды-еріктік бұзылулары бар балаларға арналған орыс тобы – 7 бала;
- «Күншуак» аутизм, аутизм спекрінің бұзылуы және эмоционалды-еріктік бұзылулары бар балаларға арналған қазак тобы – 7 бала;
3)«Балапан» аутизм, аутизм спекрінің бұзылуы және эмоционалды-еріктік бұзылулары
бар балаларға арналған қазак тобы – 9 бала;
- «Айналайын» аутизм, аутизм спекрінің бұзылуы және эмоционалды-еріктік бұзылулары бар балаларға арналған қазак тобы – 8 бала.
- «Березка» - аутизм, аутизм спекрінің бұзылуы және эмоционалды-еріктік бұзылулары бар балаларға арналған орыс тобы – 10 бала;
Оңалту орталығында оқыту екі тілде жүргізіледі (мемлекеттік және орыс тілі), баланың жеке мүмкіндігі мен қатынас тіліне байланысты анықталады.
Оқу аптасының ұзақтығы 5 күн.
4. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың 2021 жылдың 1 маусымындағы
динамикасы
Ай |
Балалар саны |
Келгені |
Барлығы |
Шыққаны |
Қыркүйек 2020 жыл |
121 |
29 |
150 |
19 |
Қазан 2020 жыл |
131 |
32 |
163 |
20 |
Қараша 2020 жыл |
143 |
22 |
165 |
21 |
Желтоқсан 2020 жыл |
144 |
18 |
162 |
9 |
Қаңтар 2021 жыл |
153 |
21 |
174 |
9 |
Ақпан 2021 жыл |
165 |
14 |
179 |
11 |
Наурыз 2021 жыл |
168 |
9 |
177 |
7 |
Сәуір 2021 жыл |
170 |
14 |
184 |
9 |
Мамыр 2021 жыл |
175 |
10 |
185 |
5 |
Маусым 2021 жыл |
180 |
|
|
|
Барлығы |
180 |
|
|
|
5. 01.09. 2020 – 01.06.2021 жылдың аралығында мониторинг
Аңғарымы |
Түзету – дамыту көмегін алған балалардың саны |
Барлық бала |
252 |
психикалық дамуы тежелген |
57 |
ақыл –ой кемістігі, жеңіл түрі |
6 |
есту қабілеті нашар |
15 |
тірек – қимыл аппаратының бұзылуы |
23 |
тіл кемістігі |
30 |
эмоцияналды- ерік сфера, аутизм, АСБ |
111 |
Олардың ішінде мүгедек балалар |
106 |
Шыққан балалар |
72 |
Басқа білім беру ұйымдарына кеткен балалар
Арнайы білім беру мекемелері |
|
Мектепке дейінгі |
9 |
Мектептік |
1 |
Білім беру ұйымдарындағы арнайы сыныптар (топтар) |
|
Мектепке дейінгі |
7 |
Мектептік |
1 |
Жалпы білім беру ұйымдарына енгізу |
|
Педагогикалық – түзету қолдауымен |
6 |
Педагогикалық – түзету қолдауынсыз |
0 |
Үйде оқыту |
10 |
Басқа ұйымдар ( жекеменшік, қоғамдық) |
38 |
01.09.2020-01.06.2021 жылдың аралығында Оңалту орталығында ерекше білім беру қажеттілігі бар 252 балаға қызмет көрсетілді, олардың ішінен 72 бала жақсы нәтижелермен Оңалту орталығынан басқа білім беру мекемелеріне шығарылды, Оңалту орталығында 180 бала түзету- дамыту көмегін алуды жалғастырады.
Директор Байтуганова Л.Ш
Орындаған: Есиркепова Н.У.
Тел: 961908