29/04/2025  Сейсенбі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім беру басқармасының

Оңалту орталығы

коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы, Сағындықов көшесі, 7.

Оңалту орталығы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы «14» ақпандағы № 66 бұйрығына 8-қосымшасына Оңалту орталығы қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес жұмыс жасауда.

 

Оңалту орталығына төмендегідей ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдерқабылданады:

1) психикалық дамуында тежелуі бар балалар;

2) ақыл-ой кемістігі бар балалар;

3) церебрал салымен ауыратын және тірек-қозғалыс аппаратының басқа да бұзылулары бар балалар;

4) нерв жүйесінің тұқым қуалайтын-дегенеративті ауруларымен ауыратын балалар;

5) сөйлеу тілінде қатты бұрмалануы бар балалар;

6) есту қызметінің бұзылуы бар балалар;

7) аутизмімен және басқа эмоциялық-еріктік бұзылулармен ауыратын балалар;

8) деменцияның әр түрлі түрлерімен ауыратын балалар.

 

Оңалту орталығының мақсаты:

1) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу түрінде кешенді психологиялық-медициналық-педагогикалық көмек көрсету;

2) тәрбиелеу, дамыту мәселері бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету.

 

Оңалту орталығының негізгі міндеттері:

1) сөйлеу тілінде, есту, тірек-қозғалыс аппаратында бұзылуы, оқып-үйрену, қарым-қатынас жасау мен жүріс-тұрысында қиындықтары бар балалар мен жасөспірімдерге психологиялық түзеу мен оңалту түрінде кешенді психологиялық-медикалық-педагогикалық көмек көрсету;

2) мамандардың пәнаралық тобымен (командалық бағалау) балаға қатысты мәселелерді кешенді оқып-үйрену және баланың медициналық, психологиялық, педагогикалық түзету көмекке деген мүмкіндігі мен қажеттілігін анықтау;

3) баланың дамуының әлеуметтік жағдайын ескере отырып, жеке дамыту бағдарламасын әзірлеу және жасап шығару;

4) жеке, топтық сабақ түрінде түзете-дамыта жұмыстарын жүргізу;

5) отбасы жағдайында даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) ақыл-кеңес беру және оқыту.

 

Мамандарі: дефектологтар (олигофренопедагогтар, сурдопедагогтар, логопедтер), педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, массажист, дене шынықтыру нұсқаушысы, медбике, дәрігер-невропатолог, дәрігер-психиатр

 

Әр қабылданған баланың психофизикалық жағдайына қарай топтық бағалау құру үшін, мамандар ұжымының кешенді тексеруінен өтеді. Әр маман бала жағдайын өз саласы бойынша тексереді, баланы бақылау кезіндегі ақпараттарды жинайды және балаға түзету көмегін көрсету бағыты мен әдісін бірге талқылайды. Бұған баланың денсаулығын тексеру, жетекші іс-әрекет түрлерінің даму деңгейін табу, танымдық және жеке эмоционалдық сферасын, баланың әлеуметтік даму жағдайын, тілдік дамуын, ойын және білім қорын анықтау кіреді.