29/04/2025  Сейсенбі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім беру басқармасының

Оңалту орталығы

коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы, Сағындықов көшесі, 7.

1. Функционалдық міндеттері

- Музыкалық жетекші тәрбиеленушілерді олардың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады. Оқушылардың музыкалық қабілеттері мен эмоционалдық саласын, шығармашылық қызметін дамытуды жүзеге асырады. Оңалту орталығының балаларымен түрлі іс-шараларды өткізуге белсенді қатысады және жауапты тұлға болып табылады.

2. біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

Педагог біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогке қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі тиіс: түзету бағдарламасының мазмұнын және оқыту әдістемесін білу, жұмыс жоспарын жасау, білім беру ұйымы деңгейінде іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру.
Педагог-модератор "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға жауап беруге, сондай-ақ: тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етуге; музыкалық сабақтардың әртүрлі түрлерін кеңінен пайдалануға; ОО әдістемелік жұмысына қатысуға; педагогикалық кеңестерде сөз сөйлеуге; ашық сабақтар өткізуге, білім беру ұйымы ішіндегі іс-шараларға қатысуға тиіс.

3. конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттарды қабылдаудың басталу күні: 2.11.2022
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 11.06.2022 ж.

4. қажетті құжаттар тізімі:

1) осы Қағидаларға 10 қосымшаға сәйкес   нысан   бойынша   қоса   берілетін
құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)   жеке  басын  куәландыратын   құжат  не  цифрлық  құжаттар  сервисінен   алынған электронды құжат (идентификация үшін);
      
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
      
4)   Педагогтердің   үлгілік   біліктілік   сипаттамаларымен   бекітілген   лауазымға
қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
      
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
      
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 
міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 
бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық  жағдайы   туралы  
анықтама (Нормативтік   құқықтық   актілерді   мемлекеттік тіркеу 
тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
      
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
      
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
      
9)   Ұлттық  біліктілік  тестілеу  сертификаты  (бұдан   әрі   –   ҰБТ)   немесе   педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің,  педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10) 11 қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос
лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

5. құжаттарды ұсыну орны, байланыс телефоны және конкурс өткізуді ұйымдастыруға жауапты тұлға:
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының "Оңалту орталығы" КММ. Тараз қаласы, Сағындықов көшесі, 7
Тел. 8(7262) 961981
Құжаттарды қабылдауға жауапты: Дәдін Аяулым Әлімжанқызы